Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті болады
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев шетелдік онлайн дүкендердың қызметін қайта қарау бастамасын көтерді. Енді шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндеттелмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рexels.com
Арман Шаққалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электронды платформаны енгізуді ұсынады. Бұдан бөлек, олар үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарланып отыр.
Мұндай шараларды қабылдауға сатушылары Қазақстанның юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік онлайн сауда алаңдарына азаматтардың шағымдарының көбеюі себеп болды.
Бұған дейін Қазақстанда шетелдік маркетплейстен алынған тауарлар декларацияланатыны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"