Шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады - ІІМ
61 мың азаматтың шетелдік көлігін заңдастыру туралы өтініші мақұлданып, 25 мың автокөлік иесі тиісті құжаттар мен нөмірлік белгілерді алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бүгінгі таңда 61 мың қазақстандық азаматтың көліктерін заңдастыру мақұлданды. 25 мың автокөлік иесі тиісті құжаттар мен нөмірлік белгілерді алды. Заңдастыру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады”, - деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Еске салайық, биыл 23 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген шетелдік көлік құралдарын заңдастыру басталды.
Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, заңдастыруға Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер жатады.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”