Шетелдік капитал – технологиялар мен жаңа мүмкіндіктердің қозғаушы күші
Президент пен үкіметтің өкілдерінің айтуынша, шетелдік инвестицияларды тарту – Қазақстан үшін маңызды басымдықтардың бірі. Алайда, шетелдік компаниялардың өнеркәсіпке салған инвестициялары қаржылық тұрғыдан ғана емес, технологиялық трансферге, қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға қосқан үлесімен де құнды.
1993 жылы Қазақстан нарығына шыққан кезден бастап "Филип Моррис Қазақстан" (ФМҚ) компаниясы ел экономикасына 288 миллиард теңгеден астам инвестиция салды және күні бүгінге дейін өндірістік қуаттарды жаңғыртуды жалғастыруда. 2025 жылдың басында Алматы облысындағы фабрикада қыздырылатын темекі өнімдерін шығару желілері іске қосылды. Өндірісті дамытудың бұл жаңа кезеңі ФМҚ-ның темекіге қарағанда зияны аздау баламаларға көшу жөніндегі жаһандық стратегиясының бір бөлігі болып табылады және Қазақстанның халықаралық темекі индустриясындағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.
Заманауи фабрика: технологиялар мен кадрларға басымдық
"Филип Моррис Қазақстан" компаниясының жоғары технологиялық жобасына салған жалпы инвестиция көлемі 77 миллиард теңгеден асады. Оның ішінде шамамен 33 миллиард теңге заманауи инфрақұрылым салуға, инновациялық жабдықтарды сатып алуға және халықаралық стандарттар бойынша персоналды даярлауға жұмсалды. Өндірістік операциялардың басым бөлігі автоматтандырылған, ал барлық кезеңдерде сапаны бақылаудың күрделі цифрлық жүйесі енгізілді. Фабрикада жұмыс істейтін қызметкерлер саны 100-ден асты, ал 2030 жылға қарай компания жаңа персонал санын екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.
"Мұнда тек жұмыс орындарының саны туралы емес, ең алдымен олардың сапасы туралы сөз болып отыр. Бұл – өндіріс аймағында тәжірибе жинайтын жоғары технологиялық және білікті мамандар. Бұл қазақстандықтар үшін мансап құруда жаңа мүмкіндіктер, жаңа дағдыларды меңгеру және ұзақ мерзімді перспективалар", – деп атап өтті "Филип Моррис Қазақстан" компаниясының басқарушы директоры Энрике Хименес.
Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін дамыту – компанияның басты басымдықтарының бірі. Бұл мақсатта персонал үнемі халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін тренингтер мен тағылымдамалар арқылы біліктілігін арттырып, әлемдік озық тәжірибелер мен технологияларға қол жеткізеді. Мұндай кадр даярлау тәсілі мемлекеттік бастамаға толық сәйкес келеді – 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтарын дамыту жылы болып жарияланған.
Салықтар мен экспорт: 30 жылдық абыройлы қызмет
Қазақстанда жұмыс істеген 30 жыл ішінде "Филип Моррис Қазақстан" компаниясы шамамен 800 жұмыс орнын құрды және бюджетке 1 триллион 32 миллиард теңгеден астам салық төледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша компания Қазақстанның ең ірі 10 салық төлеушісінің қатарына енді.
"Компания 1993 жылдан бері елде жұмыс істеп келеді және ірі шетелдік инвесторлар мен салық төлеушілердің бірі болып табылады. Бүгін біз тағы да растаймыз: Қазақстан – тұрақтылық пен адами капиталдың әлеуетіне сүйене отырып, бизнес құруға болатын ел. Елдің жас және білімді халқы, цифрлық сауаттылығының өсуі, кәсіби білім беру жүйесінің дамуы және жұмыс күшінің бейімділігі мен мотивациясы ерекше орын алады. Біз "Филип Моррис Қазақстан" компаниясының үлгісі басқа инвесторларға да белгі болатынына сенеміз", – деп атап өтті Энрике Хименес.
Түтінсіз темекі өнімдерін шығаратын жаңа өндірісті іске қосу "Филип Моррис Қазақстан" компаниясына ішкі сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, экспорттық әлеуетін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Өтеген-Батырдағы фабрика Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения нарықтарына өнімдерін белсенді жеткізуде. Компанияның жоспарына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін өндірілетін барлық темекі өнімдерінің 22%-ы қыздырылатын темекі стиктеріне тиесілі болады.
Экология: Таза энергия көзінен су үнемдеуге дейін
Өндірісті жаңғырту барысында экологиялық жүктемені азайту және денсаулыққа зиянды тәуекелдерді төмендету басты басымдықтарға айналды. Дәстүрлі темекіден айырмашылығы, түтінсіз өнімдерде жану процесі болмайды: темекі тек қыздырылып, құрамында зиянды заттар 95%-ға аз никотин аэрозолі түзіледі.
"Біз никотиннен толық бас тартуға дайын емес, бірақ зиянды айтарлықтай азайтуды қалайтындарға түтінсіз балама ұсынамыз. Өйткені біз әлемнің темекі түтінінен азат болатынына сенеміз", – деп мәлімдеді Энрике Хименес.
Компания өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайтатын инновациялық шешімдерді жүйелі түрде енгізуде. 2020 жылдан бастап фабрика тек жаңартылатын энергия көздерінен алынған электр қуатын пайдаланады, бұл Kinekt (I-REC) халықаралық сертификатымен расталған. Сонымен қатар, қазандықты жаңғырту оның тиімділігін 93%-ға арттырды.
"Филип Моррис Интернэшнл" жаһандық стандарттарына сәйкес салынған жаңа өндірістік желілер шикізат пен энергия тұтынуды қосымша қысқартуға мүмкіндік берді. Осы кешенді тәсілдің арқасында соңғы жеті жылда көмірқышқыл газы шығарындылары 79%-ға азайды.
Өндірістің экологияға әсерін азайтудың бір бағыты – табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану. Жұмыстың нәтижесі айқын: егер 2021 жылы миллион темекі шығаруға 5,24 м³ су жұмсалса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 3,79 м³-ге дейін төмендеді. 2023 жылы фабрика тәуелсіз аудиттен өтіп, су ресурстарын басқарудың жоғары деңгейін – санитарлық стандарттардан бастап су тұтынуды азайтуға дейін растайтын AWS (Alliance for Water Stewardship) халықаралық сертификатын алды. AWS сертификаты жыл сайын расталады және компанияның ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес келеді.
Қазақстан – тұрақты өсудің платформасы
Заманауи технологиялар мен ауқымды қаржылық инвестицияларды тарту Қазақстанның жоғары экономикалық әлеуетке ие перспективалы индустриялық кластер ретіндегі рөлін күшейтеді. "Филип Моррис Қазақстан" фабрикасында жаңа өндірістік желілерді іске қосу компанияның елдегі операциялық қатысуын кеңейтумен қатар, ұлттық экономиканы дамытуға қосқан тағы бір үлесі болды. Бұл жаңа жұмыс орындарын құру, ілеспе салаларды (логистикадан бастап инженерияға дейін) жандандыру және тұрақты даму қағидаттарын енгізу арқылы жүзеге асырылады.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
