Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелден қаржыландырылатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Фото: gettyimages.com

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден қаржыландырылатын қазақстандықтардың жаңа тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жаңа тізім 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған.

Тізімде жалпы 186 қазақстандық бар. Толық тізім мемлекеттік кірістер комитеттінің ресми сайтында қолжетімді.

Тізімде жеке тұлғаралар, жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестер, қоғамдық бірлестіктер мен қорлар да бар. 

Айта кетейік, Қазақстанда шетелден қаржыландырылатын тұлғалардың тізімі 2022 жылдан бері жарияланып келеді.

Бұл бастама азаматтардың мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдарға деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған. мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, өз қызметі және шетелдік көздерден алынған қаражат туралы есеп беру талаптары әлемдік тәжірибеге сай келеді.

Еске салсақ, мемлекеттік кірістер комитеті биыл наурыз айында шетелден қаржы алатын тұлғалардың 2024 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тізімін жариялаған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 04 Желтоқсан, 2025 21:53