Шешенстан президентінің балалары бапкеріне Porsche көлігін сыйлады (фото)
Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың балалары күрес бапкері Абдул-Керим Эдиловқа Porsche Panamera көлігін сыйға тартты. Көліктің суретін бапкері Инстаграм парақшасында жариялады.
«Осы өмірім үшін, әсіресе, Ахмад, Эли, Адам сынды бауырларыммен кезіктірген Жаратқанға шүкір етем. Біз көп уақыттан бері бірге уақыт өткіздік. Менің оларға деген махаббатымды айтып жеткізу мүмкін емес. Кеше олар туған күніме Porsche Panamera көлігін тарту етті», – деп жазады ол.
Фото опубликовано @abdul_kerim_edilov
24 жасқа толған Эдилов мұндай сыйға лайық еместігін айта отырып, балаларға алғысын айтты. Олармен бірге қандай жағдай болса да бірге болатынын жеткізді. Спортшы ел басшысына да алғысын білдірді.
Ашық ақпарат дерекеріне сүйенсек, Қадыровтың 10 баласы, 6 қызы мен 4 ұлы бар. Ахмад 11 жаста, Зелимхан мен Адам 9 жаста, кенже ұлы биыл өмірге келді.
Жіберіп алмаңыз:
Астаналықтар тротуарға жүрек бейнесін салған адамды тапты
Алғашқы жекпе-жегінде көз жұмған боксшы жүрек доноры атанды
Сауд Арабиясы тұрғындарына аққала жасауға тыйым салынды
Шымкентте 76 жастағы қария күннің суығына қарамай өзенге шомылып жүр