Шешендер соғыс кезінде анасын аман алып қалған қазақстандық отбасыға алғыс айту үшін арнайы келген (видео)
Видеодан скрин
Желіде бірнеше шешен жігітінің Қазақстанға келіп, соғыс кезінде аналарына баспана беріп, тәрбиелеген қазақ отбасыға алғыс білдірген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеоны жариялаған Әнуар есімді қазақстандықтың айтуынша, анасының отбасы соғыс кезінде Мирса есімді кішкентай шешен қызын үйлерінде паналатқан. Мирсаның өзі өмірден озса да, балалары Қазақстанға арнайы келіп, оны тәрбиелеген отбасыға жеке алғыс білдірді. Видеодан шешен жігіттердің көздеріне жас алып, қарт әйелдің үйіне кіріп, аналарын құтқарғаны үшін алғыс айтып жатқанын көруге болады.
“Соғыс кезінде менің анамның отбасы Мирса есімді кішкентай шешен қызы келген еді. Ол қазақ отбасында 10 жылдан астам тұрған, кейін оны тауып алып, Шешенстанға алып кеткен. Сол жақта ол өз отбасын құрып, дүниеге 5 бала әкелген. Мирса қазір өмірден озған, бірақ бүгін оның балалары Ақтөбеге келіп, қазақ отбасыға алғыс білдірді”, – делінген жазбада.
Видеоға жазылған пікірлерде Мирсаның немерелері де қазақ отбасыға шын жүректен алғыс айтып, оларды Шешенстанға қонаққа шақырды.
“Мирса менің әжем еді, мен Арбидің қызымын. Кішкентай қызды далада қалдырмай, баспана беріп, тәрбиелегендеріңіз үшін отбасыңызға шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздерді әрқашан қуана қарсы аламын, бізге келіңіздер!”, “Отбасымыздың атынан барлық қазақ халқына әжем үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Ол әрдайым көзіне жас алып, өзіне баспана беріп, тәрбиелегенін осы адамдарға ризашылығын білдіріп отыратын”, – деп жазды немерелері.
Сондай-ақ пікірлерде бір кездері қазақ отбасылары паналатқан, Қазақстанға депортацияланған шешендердің ұрпақтары да қазақ халқына алғыс білдірген.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық