"Шешемді үйге әкелу үшін Жанболаттан рұқсат сұраймын": Жазира Байырбекова отбасындағы қағидаларын бөлісті
Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасындағы ережелерін айтып, оқырмандарымен сырласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі қандай істе де күйеуімен ақылдасатынын жасырмады.
“Отбасы құндылығын сақтаудың құпиясын сұрайды. Оның нақты формуласы жоқ қой. Мысалы мен үйленгенімізге 28 жыл өтсе де өз шешемді үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын.Үйге қонақ шақыратын кезде, біреуге үлкен сыйлық жасайтын кезде, бір жаққа баратын кезде де солай. Ал қазіргі қоғам бұл әрекеттерім дұрыс емес дейді. Ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін түсінбей қалдық, шыны керек" – деп жазды өнер иесі.
-
"Күйеуім де, ұлым да, қызым да уақытша": Жазира Байырбекова елді ойландырып қойды
-
"Күйеуімнен ештеңе сұрап көрмеппін": Жазира Байырбекова мәһрге қатысты ойын бөлісті
Сондай-ақ жұлдызды жұп кезінде қол ұстасып жүруге ұялғандарын да жасырмады.
“Бізді 28 жыл бұрын үйленген жұп деп кім айтады?! Жаңадан үйленгенде қол ұстасып жүре алмадық. “Ұят, масқара” деді ауылда. Қазір енді ұят емес шығар, иә?!”, – деп әзілдеді әнші.
Еске салайық, Жазира Байырбекова тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес беріп, жігіттің жағдайына қарамау керегін ескерткен еді.