Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шерзаттың өлімінен кейін сотталушыларды Хасанға жала жабуға көндірген”: Сотта Хасан Қасымбаевтың адвокаты прокуратура мен ҰҚК-ні айыптады

Видеодан скрин

Талғарда “Хутор” бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарына қатысты сот жалғасуда. Кезекті отырыста айыпталушылар сөз сөйледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, аталмыш іс бойынша Қасымбаевтан бөлек Сайлау Ақтанов, Данияр Асқаров, Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов және Нұрмұхамбет Сұлтанбеков есімді 5 күдікті бар.

Оларға адам ұрлау, ақша бопсалау және соққыға жығу баптары бойынша айып тағылған. Сотта сөз алған айыпталушы Руслан Әлиев өз кінәсін толықтай жоққа шығарады.

"Адам ұрлау болған жоқ. Біздің маска тағып жүргеніміз туралы айтылғандар да өтірік. Әлімовтың телефоны өзімен болды, ол қоңырауларға жауап беріп отырды. Біз оны ұрып-соғып жоқпыз, видеоға да түсірмедік. Ол өзі көліктен аман-есен түсті, тіпті біз оны үйіне жеткізіп салуды ұсынғанда бас тартты", – деді айыпталушы Әлиев.


"Хутор бандасының" басшысы делінген Хасанның соты: Жәбірленуші оны қалай ұрлап, ұрып-соққанын айтты


Тағы бір айыпталушы, Сайлау Ақтанов, Қасымбаевпен мүлде таныс еместігін мәлімдеді:

"Мен жазамды өтеп жатқанда, маған қысым жасалды, Хасанмен таныс екенімді айтуды талап етті. Кейін мені қатаң режимдегі колонияға ауыстырды”, – деді ол.

Адвокаттардың айтуынша, тергеу жүргізіліп жатқан сәтте бес айыпталушы да абақтыда болған.

"Шерзат ісінен кейін прокуратура мен ҰҚК-ға бағынышты бөлімшелер жазасын өтеушілерге келіп, “Қасымбаевқа қарсы куәлік берсеңіз, мерзіміңізді қысқартамыз“ деп сендірген. Қазіргі уақытта осы факт бойынша бөлек қылмыстық іс қозғалды", – дейді адвокат Айдынғали Табылдыев.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты сот отырысы басталғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 14 Қазан, 2025 21:18
Талқылау