Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеу тоқтатылды
Фото: Әлеуметтік желіден
Алматы облысында Шерзат Полат отбасының үйіндегі өртке қатысты тергеу тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді.
“Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өрт фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу мерзімі қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (құқықтық көмек көрсету бойынша іс жүргізу әрекеттерін орындауға байланысты) тоқтатылды”, – делінген прокуратураның мәлімдемесінде.
Шерзат Полаттың отбасына әкімдік пен меценаттар неліктен жаңа үй салып бермеді
Шерзат Полаттың отбасына сотталушылар 285 миллион теңгеден аса моралдық өтемақы төлеуге міндеттелді
Айта кетейік, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Бас прокурордың орынбасары Шерзат Полаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылатынын мәлімдеді.
Еске салсақ, 2025 жылдың 5 маусымында Шерзат Полатты өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты.

АҚШ-та ауыр жарақат алған қазақстандық дзюдошы хал үстінде жатыр: Ағасы емге 270 миллион теңге қажет екенін айтты
