Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полаттың тағы бір туысы 15 тәулікке қамауға алынды

Сот Талғарда өлтірілген 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полаттың тағы бір туысын қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Отбасының адвокаттарының айтуынша, Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың күйеу баласы 15 тәулікке қамауға алынған.

"Қаржаубайдың күйеу баласы Айғазыға қатысты әкімшілік сот өтті. 15 тәулікке қамауға алынды", – деді отбасының адвокаттары.



Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Полаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. 9 желтоқсан күні Талғардың шетінен Шерзаттың ағасы  Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Осы жайттан соң Шерзаттың ашынған әкесі журналисттердің келуін талап етіп, қолына пышақ ұстап өзіне қол жұмсайтынын айтқаны үшін ұсталған еді. Қаржаубай Нұрымов “Бұзақылық” бабы бойынша сотталып, 15 тәулікке қамауға алынды

Айта кетейік, ішкі істер министрлігі Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді.

Талқылау