Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шерзат Полаттың ісі: Айыпталушылардың туыстары Қаржаубай Нұрымовты қамауға алуды талап етті

Видеодан скрин

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталғандардың туыстары марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовты қамауға алуды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс бойынша айыпталушылардың туыстарының видеосы жарияланды. Олар жәбірленуші мен айыпталушы тараптар тең жағдайда болуы тиіс екенін айтады. 

“Екі қыз байқұс. Жас балаға не жоқ ана жерде.Ол отыр. Қасынан өтіп бара жатқан балаларды да апарып қамап қойған. Сонда неге Қаржаубай қамалмайды. Неге біз жақ қамала береді. Бастаған Қаржаубайлар. Достарын шақырған, ішімдік сатқан солар. Ұрып отырған соның баласы. Бізден ешкім ешкімді ұрмаған. Өздерінен басталып, өздерінен шығып отырған нәрсе. Соны жөндеп қараудың орнына бізді кінәлап, балаларымызды жексұрын қылып, ұйымдасқан топ, Хутор бригадасы деп айып тақты. Бригада деген арнайы бөлім. Біле білсеңіздер бұл жерде бес бригада бар. Рысқұлов ауылының өзінің бөлінісі сондай. Менің айтарым осы. Дұрыс түсініңіздер, ешкім артық кетпесін. Қазақ елі түсінетін шығар. Екі жақты бірдей көрсін. Соттан адалдық сұраймыз”, – делінген видеода.



Еске салсақ, Шерзат Полаттың қазасына қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов оқиға орнында болған екі қыз туралы айтты. Ал Шерзаттың досы Мирас Сейсенбай куәгер ретінде жауап беріп жатыр.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 24 Сәуір, 2025 18:28
Талқылау