Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полаттың әпкесі өзіне қол салмақ болды (видео)

Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев марқұм Шерзат Полаттың туыс әпкесі Бақыт Реймова суицид жасауға әрекеттенгенін мәлімдеді. Ал әйелдің айтуынша, бұған интернеттегі қысым себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

"Шерзат бауырым өмірден өткен кезде Бауыржан Абдрахманов деген кісі пайда болады. TikTok желісінде Маскарад, Доктор деген аккаунтпен отырып, "Қаржаубай ондай, Қаржаубай сондай, Нұрқанат мұндай, Нұрқанат бұндай" деп тиісіп бастайды. Келе-келе, Нұрқанат өмірден өтті. Қайтыс болған кезде де айтқан сөзі анау – "Нұрқанатты мен астым" дейді. Нұрқанаттың өліміне де тікелей сол кісі кінәлі. Себебі осылай сөзбен жей берді. Менің өліміме тікелей осы Бауыржан Абдрахманов кінәлі. Суицидке мені сол кісі итермелеп тұр", – деді Бақыт Реймова Instagram-да жарияланған өлер алдындағы видеоүндеуінде.

Қоғам белсендісінің айтуынша, Реймова суицид жасауға әрекеттенген сәтте оны полицей байқап, құтқарып қалған.

Айта кетейік, былтыр 4 қазанға қараған түні Талғарда төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты. Бір аптадан кейін оның отбасы тұрған үй өртке оранды. Ал желтоқсанда Талғардың шетінде оның 30 жастағы ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Полицияның нұсқасы бойынша, ол жиенін қорғай алмағандықтан суицид жасаған. Алайда туыстары бұл нұсқаға сенбейді. Нұрқанаттың жерлеу рәсімінен кейін Шерзаттың әкесі – Қаржаубай Нұрымов жүк көлігінің төбесіне шығып, өзін өлтіремін деп қорқытқан.



Еске салайық, редакция Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша алдын ала сот отырысы 10 сәуірде Талдықорғанда өтетінін хабарлаған еді. Алматы облысының сотының мәліметіне сенсек, іс бойынша алдын ала тыңдалым ашық режимде 10 сәуір күні сағат 12:00-де Талдықорған қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратында, Қаблиса Жырау көшесі, 65-үй мекенжайында өтеді. Адвокаттың айтуынша, бұның себебі – күдіктілердің көпшілігі дәл осы қаладағы изоляторда болуымен байланысты. Сонымен бірге адвокат жәбірленушілердің азаматтық талап қоюды жоспарлап отырғанын айтты.

Талқылау