Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Полаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Асқар Қаймақов Талғардағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Нұрымовтың қорғаушысы Асқар Қаймақовтың сөзінше, адвокаттар полициядан Нұрымовты ұстауды сұрамаған. Бұған дейін полиция "адвокаттар мен оның туыстары Шерзаттың әкесін қамауға алуды сұрағанын" хабарлаған еді. 



“Өз-өзіне қол салды делінген Нұрқанат Ғайыпбаевтың жеке хабарламасын жариялауға туыстары келісім бермеді.  Адвокаттар Қаржаубайдың 15 тәулікке қамауға алынуын заңсыз деп санайды. Бұл шешімге біз шағым түсірдік”, –дейді адвокат. 

Сондай-ақ ол Қаржаубай Нұрымовқа қатысты полицейлер Қылмыстық кодекстің 202-бабы (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын, мәлімдеді. Себебі ол полиция көлігінің дөңгелегін жарып жіберді деп айыпталып жатыр. 

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша қылмыстық іс жүргізілген жағдайда айыпталушы:

  • бес жүзден екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға;
  • не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүзден алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға;
  • не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Полаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. 9 желтоқсан күні Талғардың шетінен Шерзаттың ағасы  Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Осы жайттан соң Шерзаттың ашынған әкесі журналисттердің келуін талап етіп, қолына пышақ ұстап өзіне қол жұмсайтынын айтқаны үшін ұсталған еді. Қаржаубай Нұрымов “Бұзақылық” бабы бойынша сотталып, 15 тәулікке қамауға алынды

Айта кетейік, ішкі істер министрлігі Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді.

Талқылау