Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Куәгер ме әлде күдікті ме": Шерзат Полаттың әкесі қайғылы жағдай болған күні оқиға орнында көзге түскен екі қыз туралы айтты

Шерзат Полаттың қазасына қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов оқиға орнында болған екі қыз туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан скрин

Сотта прокурор Нұрымовтан іске куәгер ретінде қатысып жатқан екі қыздың іс-әрекетін айтып беруді сұрады.

“Екі қызға келетін болсақ, мысалы, сіз бен мен ұрлыққа барсақ, мен есікті ұстап тұрсам, мен куәгермін бе, әлде қылмыскермін бе?”, – деп жауап берді Шерзаттың әкесі.

“Жоқ, ондай мысал келтірмей-ақ қойыңыз”, – деп ескертті осы сәтте судья Ержан Жанұзақов. 

“Куәгер ретінде жүреді. Ол кісілер тас атты, полиция мен жедел жәрдем шақырмады. Мен шығар кезде есікке кедергі жасады. Ол жерде есіктің алдында Азамат, Шыңғыс және екі қыз болды. Есікті ұстап тұрды. Бірақ мен оған қарамай есікті итеріп шығып кеткен кезімде Дархан бетімнен бөтелкемен ұрды”, – деді Нұрымов.

“Олар есікті не үшін ұстап тұрды?”, – деп сұрады судья.

“Білмеймін. Мүмкін менің қолымдағы пышақты көріп бірдеңе болып қалады деп ойлаған шығар”, – деп жауап берді ол.

Айта кетейік, бұған қоса сотта Қаржаубай Нұрымов қайғылы оқиға болған күнді сипаттап, марқұм Шерзаттың қандай күйде қаза тапқанын айтып берді

Талқылау