Сотталушылардың тек екеуі адам өліміне бойынша күдікті: Шерзат өлімі бойынша адвокат тағылған айыппен жартылай келіспейді
Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша жәбірленушілердің мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев сот отырысы аяқталғанша қылмыстық істің жай-жапсарын жария ете алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: скриншот/Stan.kz
Адвокат қорғаушылар тобы айыптаушы тараптың бір ұстанымымен келіспейтінін айтты, олар сот отырысында өз ұстанымын білдіруді жоспарлап отыр.
"Айыптау қорытындысының бір позициясымен келіспейміз, өз пікірімізді сотта айтамыз. Басқа айыпталушыларға тағылған басқа айыптармен келісеміз", – деді адвокат.
Шекеев бастапқыда бұл іске 13 адам күдікті болып, кейін екеуі алып тасталғанын айтты.
"Бастапқыда 13 адам күдікке ілінді. Екеуінің қатысы болмағаннан кейін күдіктілердің қатарынан шығарылған. Сондай-ақ екі қыз тек куә ретінде сұралған, бұзақылыққа қатысы жоқ деді. Айыптау актісін бұрынғы адвокаттар келіскен. Біз жаңа топпыз. Іс материалдары бойынша ашып ештеңе айтып бере алмаймыз. Екі азамат – Шынасыл Абзал мен Равиль Сакиевке ауыр айып тағылды. Қалғандарына бұзақылық бабы бойынша айып тағылды", – деді Шекеев.
Сондай-ақ Перизат Нұрымова Нұрқанаттың телефонынан бөлек, әмиянында 1 миллиондай ақшасы, құжаттары да жоқ болып шықты дейді. Алайда сотта бұл туралы айтылмаған.
“Тағылған айыппен келісіп отырмыз. Олар бір топ адам болып бала өліміне жауапты. Біз көп нәрсе сұрамаймыз. Тек әділдік”, – деді әпкесі.
Айта кетсек, 9 айыпталушының тек екеуіне Шерзат Болатты өлтірді деген күдік тағылған.
Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі “Бұзақылық”, 99-бабы 2-бөлігі 4-5-тармағы “Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру”, 24-баптың 3-бөлігі “Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу”;
Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі “Бұзақылық”, 99-бабы 2-бөлігі 7-9-тармағы “Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру”;
Белқожаев Шыңғыс, Аскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Нұрбол, Ғалиахмет Дидар, Тоқтаубаев Азамат – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі “Бұзақылық”;
Ысқақ Думан – Қылмыстық кодекстің 434-бабы “Қылмыс туралы хабарламау”.
Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды.
Бүгін Шерзат Полаттың ісі бойынша 9 сотталушы сот залына әкелінгені айтылды. Прокурор айыптау актісін оқып, айыпталушылардың қылмыс орнында жәбірленушінің сол жақ жүрек тұсынан пышақ сұғып, мылтықпен ұрғанын айтты.