Шерзат өлімі бойынша сот үкімі шығатын күн белгіленді
Шерзат Полат өлімі бойынша сот үкімі шығатын күн белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сотта соңғы сөзін сөйлеген сотталушылар өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін айтты.
Басты сотталушы Равиль Сакиев пен Абзал Шынасыл кінәсін жартылай мойындады. Қалған сотталушылар судьядан әділ шешім шығаруды сұрады.
"Депутат не әкімнің балалары емеспіз": Шерзат өлімі бойынша сотта айыпталушылар соңғы сөзін айтты
Судья Ержан Жанұзақов үкім 5 маусым сағат 16.00-де шығады деп мәлімдеді.
Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Алайда үйді өртеген күдіктілер әлі күнге табылған жоқ.

Павлодарда "Қауіпсіз қала" жобасын іске асыруға 8,6 млрд теңге жұмсалмақ, Қытай Deep Seek-ті жасауға одан үш есе аз жұмсады – Депутат
