Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Сотталушы Ғайыппаев Нұрғанаттың мылтық атуы Шерзаттың өліміне себеп болғанын айтты

Фото: Видеодан скрин

Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған сотталушылардың бірі Ілиясов Нұрқияс қанды қылмыс болған күні мылтықты кім атқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ілиясов Нұрқияс оқиға орнына “Нұрболды ұрып кетті” деген соң барған. 

“Қамажай” дүкенінің алдында 8-9 бала тұрды. Көліктен түстім. Амандасайын деп едім бәрі ашуланып тұр екен. “Жігіттер, не боп қалды? Не себепті ерегесіп, ұрдыңдар?” деп сұрадым. Сол сәтте сөзіме жауап берместен Шерзат марқұм мені ұрды. Артқа қарай шегіндім. Сонда Қаржаубай дүкеннен пышақпен шықты. Сөйтіп ажиотаж болып жатқан кезде мылтық атылды. Бірінші рет атып, екінші рет атуға оқтап жатқан кезде тұрып, алуға үлгеремін деп ойладым. Екінші рет оқтап үлгерді. Жақындағанда қатып тұрып қалдым. Сонда Шерзат екінші рет ұрды. Сөйтіп тағы артқа қарай шегіндім. Сонда мылтық екінші рет атылды. Үшінші рет оқтады. “Бәріңді атамын, тоқтаңдар” деп артқа қарай шегінді. Мен “Тоқта, таста мылтығыңды, бауырым” дедім. Сонда Шерзат марқұм құлап жатты ма? Нұрқанат барып көтеріп жатқан кезде мылтықты астынан жұлып алып, екі рет ұрып жібердім. Сөйтіп ол жақта “жедел жәрдем” деп шу болып кетті. Артқа қарай бұрылып бәріміз кеттік. Азамат алдымнан шығып мылтықты қолымнан алды. Бәріміз көлікке отырып кетіп қалдық. Одан ары “777” дүкеніне бардық. Не заттар алғанымызды білмеймін. Сөйтіп көлікке отырып, биатлон жаққа бардық. Сол жақта әңгімелесіп тұрдық. Содан төмен қарай түсіп келе жатқанда артымыздан бір көлік ілесті. Ол бізді тоқтатты”, – деді Илиясов Нұрқияс. 

Оның айтуынша оларға Mercedes көлігін тоқтату туралы тапсырма түскен. Олар сотталушыларға бір адамның өліп кеткенін айтып, оларды АІІБ (аудандық ішкі істер бөліміне) алып кеткен.

Сондай-ақ Нұрқияс Ільясов бұған дейінгі жауабында қалатынын айтты. Ол өзінің шынымен түсірілім үшін сыртқа шығарылғанын және ЖҚАЖ (жылдам қимылдайтын арнайы жасақ) арнайы жасағының қатысуымен қасақана "ұстау" сахнасы ұйымдастырылғанын растады.

“ЖҚАЖ (жылдам қимылдайтын арнайы жасақ) арнайы жасағы ұстады деп көрсетті. Видео шықты. Резонанс болды. Бірақ негізі бізді өйтіп ұстамаған”, – деді Нұрқияс.

Сотталушыға “Сіздің бір қолыңызда мылтық, екінші қолыңызда пышақ болғаны рас па?” деген сұрақ қойылды. Нұрқиясов “Мен Рэмбо емеспін ғой” деп жауап берді.

Сондай-ақ Ілиясов Нұрқияс марқұм Ғайыппаев Нұрқанаттың мылтықпен оқ атқанын айтты. 

“Нұрқанат екінші рет оқ атқан кезде мылтықты бізге қарай бағыттады. Жанымда оң жағымда Абзал болды. Қалған балаларды көре алмадым. Атып жібермесін деп мылтыққа қарап тұрдым. Екінші рет атқанда қашып кетуіме болар еді. Бірақ мылтық оқталып тұрғандықтан артымнан атып жібере ме деп қорықтым. Менің ойымша, Шерзатты дүкеннің алдында пышақтады. Мылтықты үш рет оқтады, бірақ екі рет атылды. Мылтықты алып алған кезде ішінде оқ болды. Сол оқпен АІІБ (аудандық ішкі істер бөліміне) тапсырдым”, – деді сотталушы.

Ілиясов Нұрқияс егер Нұрғанат мылтық атпағанда бұл жағдай адам өлімімен аяқталмас еді дейді.

“Иә, ол жерде адамдар болды, біреулер ажыратуға тырысты. Меніңше, бәрі бірден аяқталатын еді”, – деді айыпталушы.

Айым Болатқызы
Жұма, 16 Мамыр, 2025 14:22
Талқылау