Шерхан Қалмұрзаның сейві Еуропалық клубты таңдай қақтырды
Фото: “Қайрат” фк
Алматылық “Қайраттың” 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы УЕФА Жасөспірімдер лигасының 5-турында Данияның “Копенгаген” командасына қарсы матч өткізген еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осы ойында Шерхан Қалмұрзаның керемет сейві даниялық клубтың ерекше таңданысын тудырды. “Копенгаген” клубының баспасөз қызметі матчтан әсерлі бір эпизодты әлеуметтік желілерінк жүктеді.
Видеода "Қайрат" U-19 қорғанысының қателігінен кейін доп қақпаға қарай бағытталып бара жатады. Дәл сол сәтте Шерхан Қалмырза жылдам реакциясының арқасында қақпаны голдан аман алып қалады.
Даниялық клуб жас қақпашының өнеріне жоғары баға беріп, “WHAT did he do?” деп таңданысын білдірген бейнежазба жариялады.
Бұл жазба мен видео арқылы қазақстандық жас қақпашының өнерін Еуропа клубының өзі мойындап отырғанын байқауға болады.
Айта кетейік, УЕФА Жасөспірімдер лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда "Қайрат" U-19 Данияда “Копенгагенге” қарсы ойында 2:2 есебімен тең түскен еді. Бұл нәтиже көптеген спорт сарапшылары үшін сенсация болды, себебі матчтың айқын фавориті даниялық команда болған.
Ал 9 желтоқсанда “Қайраттың” жасөспірімдері “Олимпиакосты” 2:0 есебімен жеңіп, жалпы кезеңдегі алғашқы толық үш ұпайын еншіледі.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды

