Шерхан Қалмұрзаға Алматыдағы университеттердің бірінен білім гранты берілді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Шерхан Қалмұрзамен Шерхан Қалмұрзаға ректорлық білім беру гранты берілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр бұқаралық спортты дамытудың маңызына тоқталып, жоғары білімнің болашақ ұрпақты қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын айтады.
"Барлық спортшы халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуы қажет екенін атап өткім келеді. Бұл оларға спорттағы жоғары жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар спорттық мансабын аяқтағаннан кейін де түрлі салаларда қалыптасуға мүмкіндік береді", – деді Саясат Нұрбек.
Жас қақпашының көрсеткен тарихи нәтижесі бүкіл қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі дейді Саясат Нұрбек. Жастарға үлгі көрсету мақсатында ақылы бөлімде білім алып жүрген Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты табысталды. Сонымен қатар алдағы уақытта да дарынды жастарға айрықша көңіл бөлінетіні жеткізілді.
Қазақ спорт және туризм академиясының спорт және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Мұхтар Есқалиев оқу орны жасөспірімдер мен студенттердің бастамаларын әрдайым қолдайтынын айтты. Өз кезегінде студент-спортшы көрсетілген ілтипат үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстандағы футболдың дамуына үлес қосуға ниетті екенін жеткізді.
“Шерхан әлі ештеңе ұтқан жоқ, сондықтан шамадан тыс мақтаудың қажеті жоқ” – Самат Смақов
Еске салайық, бұған дейін "Қайраттың" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйға берілгенін жазған едік. Чемпиондар лигасындағы ойыны үшін кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов 18 жастағы Шерхан Қалмұрзаға lexus маркалы автокөлігінің кілтін табыстады. Спортшы қуанышын жасыра алмай, алғысын білдірді. Мұны көрген желі қолданушылары кәсіпкерге алғыс айтып, Шерханға жылы лебіздерін жаудырған.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
