Шерхан Қалмұрза өзіне қатысты айтылған сындарға жауап берді

Фото: IMAGO/Maciej Rogowski/ТАСС
Алматылық “Қайрат” футбол клубының талантты 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза өзіне қатысты әлеуметтік желілерде жазылып жүрген сын-пікірлерге жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол сұхбат барысында жанкүйерлердің пікірлерін жиі оқитынын, бірақ олардың ешқайсысы оның көңіліне кері әсер етпейтінін атап өтті.
“Әлеуметтік желіде көптеген пікірлерді көремін, оқимын. Олардың ішінде жақсысы да, жаманы да бар. Бірақ ол пікірлер маған ешқандай кері әсерін тигізбейді. Менің алдыма қойған мақсатым бар, сол мақсатқа жету үшін еңбектенемін”, – деді Шерхан Қалмұрза Олжас Байбосыновқа берген сұхбатында.
Еске салсақ, Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Темірлан Анарбек жарақат алған соң алаңға шығуға мүмкіндік алды. Сырт алаңда “Спортингке” қарсы өткен ойында ол Чемпиондар лигасы тарихында қақпаны қорғаған ең жас қақпашы атанды. Сонымен қатар әлемнің азулы клубтарының бірі “Реал Мадридке” қарсы матчта да өнер көрсетіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.
Осы жетістіктерінен кейін жас қақпашыға Ғылым және жоғары білім министрі білім грантын тағайындады. Ал кәсіпкер Ұлықбек Шарипов оған заманауи Exeed маркалы көлікті сыйға тартты.
Боксшыларға жасалған жағдай бізге де жасалу үшін Олимпиада чемпионы болу керек — Ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы

