Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерхан Қалмұрза бастаған жасөспірімдер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді

Фото:ҚФФ

Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде бұрын-соңды болмаған тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кирилл Кекердің шәкірттерң Кипрге қарсы үшінші ойында 1:1 есебімен тең ойнап, элиталық кезеңге шықты.

Матч өте қарқынды басталды. Небәрі бірінші таймның 4-минутында Мансұр Бірқұрманов қарсылас қорғансының осал тұсын тауып, алғашқы голды соқты. Нәтижесінде Қазақстанды алға шығарды. Бірақ екінші таймның 59-минутында кипрлік Георгиос Циорцис Қазастанның қақпасынан саңылау тауып, таразы басын теңестіріп кетті.

Осыдан кейін Қазақстан құрамасы "B" дивизионының 1-тобында екінші орынға табан тіреп, келесі көктемде өтетін элиталық кезеңге қатысу құқығын иеленді.

Айта кетейік, бұл – ел тарихында бұрын-соңды болмаған ерекше жетістік. Бұған дейін Қазақстанның бірде-бір U-19 құрамасы Еуропа чемпионатының элиталық кезеңінешықпаған.

Енді жас қазақстандық футболшылар Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін күресті жалғастырады

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 19 Қараша, 2025 11:25
Талқылау