Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шерхан әлі ештеңе ұтқан жоқ, сондықтан шамадан тыс мақтаудың қажеті жоқ” – Самат Смақов

Шерхан әлі ештеңе ұтқан жоқ, сондықтан шамадан тыс мақтаудың қажеті жоқ — Самат Смақов

Фото: Іnstagram.com/Samat_Smakov/kallmurza/

Жетісу командасының бас бапкері, бұрыңғы футболшы Самат Смақов Қайраттың жас қақпашысы 18 жастағы Шерхан Қалмұрза туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Самат Смақов  Шерханға қазір көп эфирге шықпауға кеңес берген.

“Үлкен ағасы ретінде онымен жиі сөйлесуге тырысамын. Шынымды айтсам, оған баспасөзбен араласпауға, түрлі телебағдарламаларға қатыспауға кеңес бердім. Шерхан әлі өте жас. Мысалы, Еркебұлан Сейдахмет “Уфаға” ауысқан кезде бәрі оны “тұншықтырып” жіберді: “Еркебұлан дәретханаға барды”, “Еркебұлан “coco-cola” сатып алды”, “Еркебұлан мынаны істеді” деген сияқты жаңалықтар толып кетті. Соңында таланттан айырылдық”, – деді Самат Смақов.

Сонымен қатар бапкер артық назар мен көңілдің кей жағдайда жас футболшылардың дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

“Қазір ең бастысы балаларға қысым жасамау, керісінше, қолдау көрсету. Олар әлі ештеңе ұтқан жоқ, сондықтан шамадан тыс мадақтаудың қажеті жоқ. Бір сәтте бүкіл бір буынды жоғалтып алу қауіпі бар”, – деді ол.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза Темірлан Анарбеков жарақат алған соң Чемпиондар лигасында Спортингке қарсы ойында дебют жасаған еді. Осыдан кейін ол жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Бұған қоса “Қайраттың” азулы “Реалмен” өткен ойыныннан кейін де Шерхан Қалмұрза футбол сүйер қауымының көзайымына айналды

STAN.KZ
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 13:00
Талқылау