Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шекарасыз банкинг: Bank RBK технологиялары бизнестің өсуін қалай жеделдетеді

Шекарасыз банкинг: Bank RBK технологиялары бизнестің өсуін қалай жеделдетеді

Bank RBK  кірістірілген қаржылық қызметтермен тәжірибе жасаудан кең ауқымды платформалық модельге өту арқылы Banking as a Service (BaaS) бизнес-моделін дамытудың көшбасшыларының бірі ретінде біртіндіп мәртебесін нығайтуда. Бірнеше жылдың ішінде банк тұрақты BaaS инфрақұрылымын қалыптастырды. Оның негізінде финтех-компаниялар, IT-платформалар және e-commerce жобалар өздерінің қаржылық шешімдерін іске қосуда.

Практикалық тәжірибе мен жинақталған сараптама 12 ақпанда Bank RBK BaaS Event арнайы конференциясын өткізуге негіз болды. Бұл шара банк секторының, финтех-компаниялардың және цифрлық бизнестің өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, Қазақстанда BaaS моделін енгізудің нақты кейстерін, тәсілдерін және нәтижелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Конференцияның алғы сөзінде ұйымдастырушы және Qazaq IT Community негізін қалаушы Әсем Болатжан бүгінгі таңда банк кәсіпкер үшін тек қаржылық серіктес емес, сонымен қатар бизнеске өнімдерін жылдам іске қосуға және тиімді масштабтауға мүмкіндік беретін технологиялық платформаға айналып келе жатқанын атап өтті.

Бағыттың стратегиялық маңызы туралы сөз еткен Bank RBK басқарма төрағасының орынбасары Сымбат Ибраймов BaaS қазір эксперименттік форматтан шығып, банктің бизнес-моделінің маңызды бөлігіне айналғанын, жаңа өсу мен серіктестік көздерін қалыптастыратынын атап өтті.

"Серіктестерімізге сенім артқандары үшін үлкен алғыс. Технологиялық құрамынан бөлек, BaaS қазір тек кәсіпкерлер мен финтех-компаниялар үшін емес, сонымен қатар біздің бөлшек бизнесіміз үшін де маңызға ие. Біз өз көмегімізбен компаниялардың жаңа, перспективалық және, ең бастысы, тиімді шешімдер жасайтынына шын жүректен қуаныштымыз. Банк бұл бағытты әрі қарай да белсенді дамытады және тұрақты тұтынушылардың да, ықтимал тұтынушылардың да ұсыныстарын қарауға дайын. Welcome to BaaS. Bank RBK-ға қош келдіңіздер", – деп атап өтті Сымбат Ибраймов.

Бизнес үшін BaaS өз қаржылық платформасын құрмай-ақ банктік логикамен өнімдерді іске қосуға, нарыққа шығу уақытын (time-to-market) қысқарту және тұтынушы тәжірибесіне көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Ал банк үшін дәстүрлі қаржы институты рөлінен технологиялық серіктес және экожүйелік шешімдер провайдері форматына көшу болып табылады.

Шекарасыз банкинг: Bank RBK технологиялары бизнестің өсуін қалай жеделдетеді

Өз кезегінде Қазақстан Ұлттық банкінің Ұлттық төлем корпорациясы цифрлық қызметтерді дамыту басқармасының басшысы Айгерім Ермаханова ашық интерфейстерді енгізу мен ашық банкингті дамыту қаржы нарығының ландшафтын өзгертетінін, бұл бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашып, заманауи, қауіпсіз және бәсекеге қабілетті цифрлық қаржылық инфрақұрылымды қалыптастыратынын атап өтті.

Кездесуде Bank RBK платформасының серіктестік қызметтермен интеграциясының тиімділігінің өсуіне ерекше назар аударылды. Bank RBK ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Владислав Кимнің хабарлауынша, серіктестерді қосу мерзімі алты айдан он күнге дейін қысқарған, бұл жобаларды іске қосу экономикасын едәуір өзгертеді және өнімдердің нарыққа шығуын жеделдетеді. Сонымен қатар e-commerce саласында жаңа кейстер ұсынылды, оның ішінде ABR мейрамханалар холдингіне төлем шлюзін енгізу және жеке кәсіпкерлерге арналған BaaS B2B жаңа бағыттарының іске қосылуы туралы хабарланды.

Кездесудің соңында банктің IT бағытының жетекшісі BaaS бағытындағы Bank RBK негізгі нәтижелерін таныстырды. Жүйе іске қосылғаннан бері 400 000 карта шығарылған, ал тек 2025 жылы жалпы операция көлемі 191 млрд теңгеге жеткен, бұл таңдалған платформалық стратегияның көлемі мен тұрақтылығын растайды.

Өткізілген талқылау Қазақстанда BaaS моделіне деген қызығушылық тұрақты түрде өсіп келе жатқанын көрсетті. Bank RBK өз кезегінде өз қызметтерінде ыңғайлы қаржылық сценарий жасайтын және бизнесті масштабқа шығару үшін сенімді банктік платформаны іздейтін компаниялар үшін  технологиялық серіктес болуға дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Дана Русланқызы
Жұма, 13 Ақпан, 2026 10:00