Шай қайнатуда барлығы жіберетін қателіктер аталды
Британдық шай өндіруші Tetley компаниясының басшысы Себастьян Михаэлис шай қайнату кезіндегі барлығы жіберетін қателіктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.
Елизавета II-нің мерейтойы қарсаңында Михаэлис Ұлы мәртебелімге лайықты шай дайындау тәсілімен бөлісуге шешім қабылдады. Шай сарапшысының айтуынша, дәмді әрі қанық сусын қайнатудың басты құпиясы — су. Ол шайға тек таза суды қолдануға кеңес берді және ешқашан шәйнекте қалған суды екі рет қайнатып, пайдаланбау қажеттігін айтты.
Тағы бір құпиясы – судың температурасы. Қара шай үшін Михаэлис қайнағаннан кейін бірден қайнаған суды қолдануды ұсынады. Ал көк шай 85 градус температурада қайнатылуы керек. Сондай-ақ, қанық дәм алу үшін шай пакетін екі-үш минуттан кейін алып тастау керек. Бұл шайдың тұнуына және қануына мүмкіндік береді.
Сүтпен шай ішетіндерге Михаэлис қайнаған су құйылғанға дейін өнімді шыныаяққа құймау керектігін айтады. Сүт әрқашан шайға қосылуы керек, керісінше шай сүтке емес.