Шавкатқа ғашық танымал ESPN арнасының жүргізушісі қазақша сөйледі (видео)
ESPN комментаторы және жүргізушісі Лаура Санко Шавкат Рахмоновтың UFC 310 турниріндегі жеңісіне арнап қазақ тілінде сөйледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

UFC: Beyond The Octagon спорт жүргізушісі Кэролайн Пирспен сұхбатында америкалық танымал журналист Лаура Санко қазақ тілінде өзінің шеберлігін көрсетті. Ол сәлемдесіп: "Шавқат қазақтың нағыз жауынгері" деп айтқысы келгенімен, соңғы сөзін ұмытып, бұл тілдің өте қиын екенін мойындады.
“Сәлем. Алға, Қазақстан! "Шавқат нағыз қазақ... Соңғы сөзді ұмытып кетіппін. Бұл өте күрделі тіл. Қазақстан халқы мұны тамашалайды деп сенемін” – деді Лаура Санко әріптесіне.
Айта кетейік, Шавкатқа ғашық танымал тележүргізуші отандасымыз Гэрриді жеңгеннен кейін де кездесті. Содан кейін журналист қазақтың дәстүрлі бас киімі – тымақ киіп, UFC ұйымының басшысы Дана Уайтпен бірге дәлізде Шавкатпен кездесуді күтіп тұрды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

