Шавкат Рахмоновтың қашан октагонға оралатыны белгілі болды
Фото:UFC
DAR Team ұжымының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың алдағы жоспарлары туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттіг хабарлайды.
Оның айтуынша, спортшының октагонға қайта шығу уақыты әлі нақты айқындалмаған.
Маман жартылай орта салмақта үздіктер қатарында жүрген Шавкат үшін қарсыластың есімі аса маңызды емес екенін атап өтті.
"Бұл дивизионда жоғары орын алсаң, әлсіз қарсылас болмайды. Ислам болсын, Камару Усман болсын бәрі де тәжірибелі әрі қауіпті. Иэн Гэрри, Пратес немесе Маддалена да оңай шағылатын жаңғақ емес. UFC кіммен жұптастырса, соған сай тактикалық жоспар құрып, дайындықты бастаймыз. Қазіргі уақытта бізге нақты жекпе-жек немесе қарсылас жөнінде ешқандай ресми хабар түскен жоқ", – деді Базров Betonmobile.ru басылымына берген сұхбатында.
Сондай-ақ бапкер толыққанды дайындыққа кететін уақытқа ерекше тоқталды.
"Жекпе-жекке толық қанды дайын шығу үшін кем дегенде екі жарым немесе үш ай қажет. Шавкат қазір де залда, физикалық жағдайы жақсы. Бірақ жай жаттығу мен нақты қарсыласқа бағытталған оқу-жаттығу жиындары бірдей емес. Сондықтан бір жарым ай біз үшін жеткіліксіз", – деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шыққан. Ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты