Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік үштікке кірді

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) UFC рейтингінде үшінші орынға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

шавкат рахмонов

Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде Рахмонов америкалық Стивен Томпсонды (17-7) мерзімінен бұрын жеңіп, рейингтегі орнын өзгертті. Ол (18-0) жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде үшінші орынға көтерілді.

Жартылай орта салмақтағы чемпион Леон Эдвардс турнир кестесінде көш бастап тұрса, Рахмонов Гилберт Бернс пен Колби Ковингтонды басып озды.

Бұған дейін 29 жастағы файтер америкалық Стивен Томпсонмен (17-7-1) жекпе-жекке алты апта қалғанда тобығын жарақаттап алғанын айтқан еді.

Танымал промоутер Камиль Гаджиев Шавкат Рахмоновтың UFC 296 турниріндегі жеңісіне пікір білдіріп, қазақстандыққа келесі қарсыласты ұсынды.

29 жастағы Шавкат Рахмонов қазір UFC-дегі бірегей рекордқа ие. Ол қатарынан 6 жекпе-жек өткізіп, қарсыластарының барлығын уақытынан бұрын жеңген. 

Талқылау