Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылады

Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов енді келесі кездесулеріне дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылмақ деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: facebook

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Министр сондай-ақ, кезекті жеңісінен оралған спортшымен жеке кездескеніне де тоқталған. 

applewin

“Мен Шавкатты жақында американдық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ, ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылады. Шавкат бүкіл әлемге Қазақстанды паш етті және осы қадамы үшін біз оған айрықша алғысымызды жеткіземіз. Оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектеспін, толағай табыс тілеймін”, - деп жазады министр. 

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бұған дейін кәсіби мансабындағы 17-жекпе-жегінен кейін рейтингте үш сатыға көтерілген еді.

Талқылау