Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмонов қазан айында UFC-дің экс-чемпионы Белал Мұхаммадпен кездесуі мүмкін

Фото: Zuffa LLC / Getty Images

UFC-дің ресми комментаторы Джон Аник қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов пен бұрынғы жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жек туралы инсайдерлік ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жекпе-жек 2025 жылдың қазан айына жоспарланған болуы мүмкін.

Аниктің айтуынша, UFC бұл кездесуді дивизиондағы негізгі жекпе-жектердің бірі ретінде қарастыруда. Бұл жекпе-жек титулдық кездесу болуы да ықтимал немесе титулға үміткерді анықтайтын шешуші шайқас болуы мүмкін.

Бұған дейін 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде Рахмонов пен Мұхаммад арасындағы жекпе-жек жоспарланған еді, алайда Мұхаммад аяғындағы инфекцияға байланысты кездесуден бас тартуға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде Рахмонов Иэн Мачадо Гарримен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның мансабында алғаш рет жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтамай жеңуі болды.

Осы жекпе-жектен кейін Рахмонов Мұхаммадты октагонға шақырды, және екі спортшы да бұл кездесуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Қазан айында өтеді деп күтіліп отырған жекпе-жек әлі ресми жарияланған жоқ. Бірақ Джон Аниктің айтқандары бұл кездесу жақын арада өтетініне жоғары ықтималдық бар екенін көрсетеді.

Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жекке қатысты ресми ақпарат пен нақты күнді UFC-дің ресми түрде хабаралауы мүмкін.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 14:23
Талқылау