Шавкат Рахмонов Қазақстанның ең үздік файтері бола алмай қалды
ММА жекпе-жектердің рейтингін жасайтын Fightmatrix.com порталы қазақстандық үздік файтерлердің тізімін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бірінші орынды Найза лигасында минимум салмақта шығатын Бағдат Жұбаныш (6-1) иеленді. Үздік үштікте UFC-дегі Шавкат Рахмонов (19-0) пен Асу Алмабаев (21-2) бар.
Fight Matrix нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан қазақстандық ММА бойынша ең мықты 10 боксшыны анықтады:
- Бағдат Жұбаныш ("Найза" ФК, 6-1)
- Шавкат Рахмонов (UFC, 19-0)
- Асу Алмабаев (UFC, 21-2)
- Диас Еренғайыпов (Батыл КФ, 16-3)
- Бекжан Әбілқасым ("Найза" ФК, 4-0)
- Артем Резников (АСА, 25-8)
- Евгений Егембердиев (АСА, 13-4)
- Дияр Нұрғожай (UFC, 10-0)
- Жалғас Жұмағұлов (Октагон, 17-9)
- Қаршыға Дәуітбек (Ризин ФК, 17-3).
Қазақстандық ерекше pound-for-pound файтерлер Fight Matrix рейтингінде қандай орындарға ие болғанына қарай есептелген.
Талқылау