Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шәует доноры 19 биологиялық баласымен кездесті (фото, видео)

57 жастағы америкалық суретші Майкл Рубино жасанды ұрықтандыру жолымен дүниеге келген өзінің 19 биологиялық баласымен кездесті.

Бұл туралы кездесуді ұйымдастырған Inside Edition басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Донор болған кезімде, болашақта екі, әрі кетсе үш баламды көретін шығармын деп ойладым», – деп ағынан жарылған суретші балаларын бір көргеннен жақсы көріп қалғанын жасырмады.

Суретшінің биологиялық балаларының ең үлкені – 21, ал кенжесі – 16 жаста. 11 баланың көзі әкелеріне ұқсаған, бәрі бірдей көк. Ал олардың аналары АҚШ-тың 10 түрлі штаты мен Кайман аралдарында (Ұлыбритания) тұрады екен.

Рубино балаларының суреттерін өз үйінің қонақ бөлмесіне қойып қойған.

Суретші ақша тапшылығы үшін емес, сәби сүйе алмайтын жұптарға көмектесу үшін шәует доноры болуға келіскенін айтады. Әр шәуеті үшін ол 50 доллардан алып отырған. Рубино тапқан табысын түгелдей қайырымдылыққа жұмсапты.

Рубино жеке мәліметтерінің таралуына, өскен соң балаларының өзін іздеп табуына қарсы еместігін анкетасында атап көрсеткен-ді.

The Orange County Register мәліметіне сүйенсек, биологиялық балалардың анасы алғаш рет 2004 жылы суретшімен байланысқан. Ол кезде жеткіншек 6 жаста болыпты. Сол уақыттан бастап Рубино баласы мен оның анасына көмектесіп, кейіннен тіпті солармен бірге тұрған.

Жіберіп алмаңыз:

Елден ерекше жан: Бойжеткен 3 жыл бойы жұмысқа бір киіммен барған (фото)

Балалардың той кезіндегі күлкі тудырарлық әрекеттері (фото)

Қалыңдықтың 6 бірдей құрбысы тойға кездейсоқ бірдей көйлек киіп келді (фото)

Британдық дизайнер адам қарнына ұқсас сөмке жасап шығарды (фото)

Талқылау