Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шашының түсін өзгерткен Ділназ Ахмадиева қызу талқыға түсті

Ділназ Ахмадиева шашының түсін өзгертемін деп елдің қызу талқысына түсті. Көпшілікке әншінің жаңа имиджі ұнамаған, деп жазады Stan.kz.

Ділназ Ахмадиева

Ахмадиева заманауи трендтен қалғысы келмеген сыңайлы, шашының түсін жастар арасынан кеңінен тараған күлгін түске бояған. Алайда әншінің бойындағы бұл өзгеріс көпшілікке ұнай қоймады.

“Табиғи шашыңыз әдемірек еді”, “Мына түс сізді кәрі етіп көрсетеді”, “Жараспайды”, “Парик шығар деп үміттенемін”, “Жасанды шаш қой, иә”, – деп пікір білдірді оқырмандар.

Әйткенмен Ділназға қандай өзгеріс болса да жарасатынын айтып, әншінің жаңа имиджін ұнатқандар да табылды.

“Вау, супер”, “Красотка, маған ұнап тұр”, “10-15 жылға жасарып кеткен сияқтысыз”, – дейді кейбір оқырмандар.


Талқылау