Шашылып жатқан бөлмеде селфи жасаған бойжеткен елдің сынына қалды (фото)
Желіде америкалық бойжеткеннің суреті қызу талқыланды. Ол жаңа көйлегін киіп суретке түскен. Алайда, желі қолданушылары оның сурет фонындағы шашылып жатқан бөлмесін көріп, жағаларын ұстады.
Оның салақтығын бетіне басып, болашақ күйеуіне жаны ашитынын айтқандар да табылды. Тіпті бөлменің суретін үлкейтіп, тышқанды аңғарғандарын айтып жатыр. Фотошоп арқылы бөлме ішін ретке келтіріп қойғандар да бар. Алисаның өзі бұған еш қарсылық танытпады.
«Ағам менің осыншалықты танылып кеткенімді білсе, бұдан былай ешқашан бөлмесін жинамайтын болады», – деп жазады ол.
Жіберіп алмаңыз:
Желі қолданушылары анасы мен қыздарын ажырата алмай дал болды (фото)
Талқылау