"Шашыма ақ түсті": Жұлдыз Өмірғали жолдасы Айқын Төлепбергеннің қызғаншақ екенін жасырмады
Белгілі жұлдызды жұптың мүшесі, әнші Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқынның мінезін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі алғаш шаңырақ көтерген жылдары отбасылық өмірден қатты қиналғанын жасырмады.
“Айқын қатты қызғанады. Бұған етім үйреніп кетті. Енді жылдар өткен сайын өзгеріп келеді. Алғашқы жылдары ондай кезде бәрін түсіндіріп, дәлелдеп жүретінмін. Кейін уақыт өте жүйке клеткаларым қалпына келмейтінін түсіндім. Шашыма ақ түсті. Екі бала өсті. Қазір ата-енеммен тұрамыз, бала-шағамның көзінше жылап-еңірегеннен пайда жоқ екенін түсіндім. Қазір барынша қалыпты қабылдаймын. 19 бен 29 арасы да осындай деп білемін. Қазір қарым-қатынас басқа деңгейге көтерілді", – деді Жұлдыз Өмірғали.
-
"Арзан емес": Жұлдыз Өмірғали той көйлегі мен неке жүзігінің бағасын жариялады
-
"Әлем қарсы болып еді": Айқын мен Жұлдыз 9 жылдан кейін үйлену тойын жасады
Айта кетейік, жақында өнерлі жұп тоғыз жылдан кейін үйлену тойларын жасаған еді.
“Негізі бұл тойды тоғыз жыл бұрын жасайын деп ойлап едік. Бірақ Жұлдыздың ұзатуынан кейін хейт басталып кетті. Сол кезде Жұлдызға "Кішкене күте тұрайық, халық үйренсін бұл жаңалыққа, ашуы басылсын" деген едім. Сосын енді той жасайын деп жатқанда кино түсіріп кеттік. Оны аяқтап, енді той істейін дегенде, пандемия басталып кетті. Әне-міне деп жүріп үй салдық, сөйтіп жүргенде 9 жыл өтіп кетіпті ғой. Енді, міне, той жасайық деп шештік” деген еді Айқын Төлепберген.