Шарын шатқалына салынатын шыны көпірдің жаңа дизайны көрсетілді

Алматы облысы Кеген ауданындағы Қара каньонда салынуы жоспарланған аспалы шыны көпірдің жаңартылған жобасы таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жобаны "ASK Capital" ЖШС жүзеге асырады. Құрылыстың жалпы құны – 1,5 миллиард теңге.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, нысан салыну кезінде 120 уақытша жұмыс орны ашылады. Ал көпір пайдалануға берілгеннен кейін 58 тұрақты жұмыс орны пайда болады. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 2025–2026 жылдар аралығы.
Фото: Алматы облысының баспасөз қызметі
Жоба толық іске қосылған соң жылына 400-600 мыңға дейін турист қабылдамақ.
Павлодарда құны миллиардтаған теңгеге салынып жатқан көпірден бір күнде екі рет өрт шықты
2024 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 57 миллион теңгеге электр желілерін жүргізу жұмыстары атқарылды. Тұрақ пен павильонның құрылыс алаңын дайындау және тегістеу бойынша қазба жұмыстары аяқталды. Жобалық-сметалық құжаттама қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Ол аяқталған соң құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.
Фото: Алматы облысының баспасөз қызметі
Айта кетейк, бұған дейін Шарын шатқалына 1,5 миллиард теңгелік шыны көпір салынатыны туралы жазған едік.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма