Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шариғатта қандай жағдайда өтірік айтуға рұқсат етіледі

«Өтірікші жамандыққа бастайды, ал жамандық тозаққа бастайды». Пайғамбарымыздың (с.а.у.) осы сөзінен-ақ өтірік айту күнә екенін аңғаруға болады. Дегенмен шариғатта кей жағдайларда өтірік айтуға рұқсат етіледі.

rubric_issue_85166

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қызы Үмму Гүлсім (р.а) жеткізген хадисте: «Мен Пайғамбарымыздан (с.а.у.) өтірік айтуды үш жерден артық рұқсат бергенін естімедім деген:

– Бір адам екі жақты жарастыру мақсатымен айтса (яғни келіспей қалған екі тарапты);

– Бір адам соғыс кезінде (айла үшін) айтса;

– Күйеуі әйелімен сөйлескен кезде және әйелі күйеуімен тілдескен кезде». (Мүслім)

Ерлі-зайыптылар арадағы көркем қатынасты сақтау үшін өтірік айтса болады. Ал одан басқа ниет көзделсе, онда өтіріктің қай түрі болмасын – харам.

Өтірік айтуға рұқсат етілетін жағдайларға ұқсас орындар:

– Өлтірмекші болған залым адамнан мұсылман жасырынып қалса, жасыру мақсатында өтірік айту міндет болады.

– Бір адам мұсылманның мал-мүлкін қақысыз тартып алмақшы болса, жоқ екенін айтып құтылуға болады.

– Бір адам біреудің қандай күнә жасағанын сұраса, одан бас тарту керек. Өйткені, бір істің ашылуы екінші бір іске жол ашады. Ал, Алла Тағала біреудің айыбын жасырушыларды жақсы көреді.

– Бауырының абыройын қорлау үшін біреу сырын айтып беруді өтінсе, қайтару керек.

Islam.kz

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар адамдардың өтірік айтуының себебін анықтады

Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай

Ғалымдар балағат сөз айтудың денсаулыққа зиян екенін айтады

Таудай қарызыңыз болса да құтылуға көмектесетін дұғалар

Талқылау