Қазақ сахнасындағы шаңырағы шайқалған жұлдыздар
Қазақстанда әр жылы 700 жұп шаңырақ көтеріп, олардың ішінде 200 отбасы ажырасуға шешім қабылдайды. Әсіресе, мұндай қадамға өнер жұлдыздары көбірек барады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Батыс елдермен салыстырғанда бұл көрсеткіштің қазақ менталитетіне жат екені сөзсіз. Десе де тыңдармандарына үлгі болуға тырысқан жұлдыздардың ішінде отбасылық өмірдің қиындықтарына шыдай алмағандар да жетерлік. Айтуларынша, көбісінің сүйіктісін тастап кетуіне қызғаныш себеп.
Нұрлан Әлімжан
Актер сүйіктісі Жансаямен 2006 жылы танысып, араға үш күн салысымен оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Өкінішке орай, бұл махаббаттың ғұмыры ұзаққа бармады. Нұрлан Әлімжан ажырасу өзі үшін ауыр тигенін де жасырмады. Олардың отбасында екі ұл мен бір қыз бала дүниеге келген. «Шаңырақ адамгершілік, төзім, ақыл болмаған жерде шайқалады» деген әнші экс-әйелін жаман сөзге қимайтынын жасырмады.
Ерлан Орынбасаров
Әнші тыңдармандарына алғаш рет «Жалғыз аққу» әні арқылы танылған болатын. Ол бірінші отбасы туралы сөз қозғағысы келмейтінін, тіпті, журналистердің жеке өміріне қатысты сұрақтарынан шаршағанын жасырмады. Себебі, ажырасу кезінде қатты қиналып, жүйкесі сыр берген екен.
Сая Оразғалиева
Актриса әрі әнші 19 жасында отбасын құрып, бір ұл баланы дүниеге әкелген. Күйеуі «Жоғары білімің де жоқ, менімен лайық дәрежеде сөйлесе алмайсың» деп сынай берген соң ажырасып кеткенін айтады.
Асхат Тарғын
Әнші небәрі 22 жасында шаңырақ көтеріп үлгерген. Отбасылық өмірдің алғашқы бір жылы қызық пен қуанышқа толы болып, кейін өзара түсінісуге қызғаныш сезімінің себеп болғанын айтады. Бүгінде әншіні бірінші әйелімен тек арадағы қызы байланыстырады.
Ерке Есмахан
«Жалғыздықтан қорқамын» деп жиі айтатын Ерке Есмаханның некесінің ғұмыры ұзаққа созылмады. Күйеуі Асхат Садырбаймен қарым-қатынасы, тіпті, бала үшін бірге тұра алмайтын дәрежеге жетіп, екі жаққа кету туралы шешім қабылдаған. Бүгінде олардың Мүслім атты ұлы бар.
Еркін Нұржан
Әншінің бірінші әйелінің есімі – Аягөз. Бүгінде ол екінші рет шаңырақ көтіріп, өзінен 14 жас кіші қызды жар еткен. Ол да өзге әріптестері секілді ажырасуының басты себебі қызғаныш болғанын жасырмайды.
Ділнәз Ахмадиева
Әнші экс-күйеуі Ахмадты қатты сүйгенін жасырмайды. Осы үшін де Жаратқанға жиі алғыс айтатын болған. Кейін «Соңымнан қаңқу сөз ергенін қаламаймын» деп шаңырағы шайқалғанын ашып айтты. Мұның басты себебін өзара түсінісе алмаумен байланыстырды.