Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шамамен екі жыл бұрын іске кірістім": Тоқаев Конституцияны тез дайындап, аз талқылауға қатысты сынға жауап берді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг өткізіп, заңды дайындау және талқылауға аз бөлінгені туралы сынға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Әлемдік тәжірибеде конституциялық реформа ұзақ уақытқа созылады. Ал бізде жаңа Конституцияны дайындауға және талқылауға аз ғана уақыт жұмсалды. Бұған халықаралық байқаушылар назар аударып, сынға алды. Сіз бұл жөнінде не дейсіз?” – деп сұрады "Время" газетінің тілшісі Тоғжан Ғани

Өз кезегінде Тоқаев жаңа Конституцияны дайындауды екі жыл бұрын бастағанын мәлімдеді. 

“Бұған дейін айтқанымдай, Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары біраз уақытқа созылды. 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізілгені өздеріңізге мәлім. Сол кездің өзінде жаңа Конституция қабылдауға болар еді. Бірақ біз ондай қадамға бармадық. Дегенмен жаңа Конституция қабылдау туралы идея пайда болды. Шамамен екі жыл бұрын іске кірістім. Елімізге жаңа Конституция қабылдау керек деген ұйғарымға келдім. Қазақстан, ең алдымен, зайырлы мемлекет болуға тиіс. Бұл Конституция елімізді ілгерілетініне ешқандай күмәнім жоқ. Біз көштен қалмай, прогрестің алдыңғы шебінде жүруіміз керек. Озық ел болсақ, басқа мемлекеттер бізге құрметпен қарайды. Ел тағдыры өз қолымызда. Сол үшін табанды еңбек ету керек”, – деді президент. 

Назархан Уән
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 13:10