Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алыс ауылдарға бармайтын шенеунік Сапарбаевтың басшылығынан кейін өзгергенін айтты

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашов Бердібек Сапарбаев облысқа басшы болғалы ауылдық округтерді демалыс сайын аралайтынын айтты.

20150724215018

«Мен Әйтеке би ауданына әкім болып келгенше бірнеше жерде қызмет еттім. Астанада үш министрлікте болдым. Ақтөбе қаласында да облыстық басқармада жұмыс істедім. Жасыратыны жоқ, облыс орталығында жүргенде шалғай ауылдарға шыға бермейміз. Бүгінде, Әйтеке би ауданына басшы болғалы сенбі-жексенбі күндері ауыл-аймақты аралайтын болдық», — дейді Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашов «Тілшіге» берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Ақтөбе облысына басшы болып келген аз уақытта Бердібек Сапарбаев облыстағы ауылдардың, оның ішінде шалғайдағы, кісі қарасы көп бара бермейтін елді мекендерді аралап үлгерген.

«Сапарбаевтың мектебі ғой. Демалыс күндері біз де ауылдарға жолға шығамыз. Тапсырма беріп кетеміз-ау. Кейде орындамай жүре беретін басшылар болады. Әлде бұрын сондайға үйреніп қалған болар. Өз басым қазір қарамағымдағы ауыл басшыларымен басқаша сөйлесемін. Алдымен бұл жұмыс осы жерге керек, осы ауылдың тұрғындары үшін жасалу керек деймін. Міндетті түрде бақылап отыру керек. Берілген тапсырмалардың орындалу барысын қадағалап отыру керек екен», — дейді Мәлімбет Ибрашов.

Ресейдің Орынбор облысында туып өскен Мәлімбет Ибрашов Ақтөбе облысында қызметте жүріп қалай қазақ тілін үйренгенін айтып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мәлімбет Ибрашов бүгінде Әйтеке би ауданының әкімі. Осыған дейін Ақтөбеде облыстық басқармаларда еңбек еткен. Оның алдында Астанада үш министрлікте қызметте болған.

Қазақстанға тәуелсіздік алған жылдары келген ол алғашқыда қазақтілді ортада өзін ыңғайсыз сезінгенін айтады.

«Алғашында, расымен, ыңғайсыздық сезінгенім рас. Дегенмен, мүмкіндігінше, қазақтармен қазақ тілінде сөйлеуге талпындым. Онымен кейбір ұлты қазақ қызметкерлердің өздері орысша сөйлеп кеткенде маған да солармен бірге орыс тілінде сөйлеуге тура келгенін жасырмаймын», — дейді бүгінде қазақ тілінде еркін сөйлеп, тіпті сұхбат беруге келісімін берген аудан басшысы.

«Бос уақыт болғанда мерзімді баспасөзді аламын да дауыстап оқимын. Кейде тіпті қабылдауға келген адамдар кабинеттен шығып жатқан дауысымды естіп, бастықта адам бар ма деп сұрайды екен. Хатшы қыз менің газетті дауыстап оқып тіл үйреніп жүргенімді айтып та қойған кездер болды. Бүгінде қазағы басым ауданда басшымын. Әкім басыммен олармен қазақша сөйлеспесем ұят болар ма еді деп ойлаймын», — дейді Aktobenews.kz тілшісіне берген сұхбатында Мәлімбет Ибрашов.

Тағы да оқыңыз:

Оралман қыздар: Қазақстанда бізге ауылдан келген деп қарады, бірақ біз Америкадан келген едік

Қазақстанның 10 мың гектар жері Иранға берілмек

Денсаулық министрлігі бас дәрігерлерді қысқартып, медбикелердің жалақысын көтермек

Талқылау