Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Шахтердің» экс-ойыншысы қатерлі ісікті жеңіп, футболдағы мансабын аяқтады

Хорватия құрамасы мен қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Никола Покривач футболдағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы vesti.kz порталы хабарлайды.

2015 жылы Никола онкологиялық ауруға шалдыққан. Спортшы екі рет химиотерапия курсынан өткен. Сол аралықта футбол да ойнап үлгеріпті.

Алайда Покривач қатерлі ісікке қайта шалдыққан. Бұл жолы дәрігерлер спортшының бағаналық жасушаларын ауыстырды, ал донор пациенттің анасы болған.

«Менің ауруханадан шыққаныма төрт ай болды. Апта сайын бейсенбі күні тексеріске барамын. Әзірге бәрі жақсы. Мен үшін оңай болған жоқ, нағыз тозақ сияқты көрінетін. Мен 50 күн бойы қызымды көргенім жоқ. Енді онымен көп уақыт өткізгім келеді», — дейді Покривач.

Футболшы Никола алғаш рет қатерлі ісікке шалдыққанда емделу қиынға соққан екен.

«Қатерлі ісікпен екінші және үшінші рет ауырғанда, міндетті түрде жазылып кететінімді білдім. Өйткені егер сен ракты бір рет жеңсең, онда одан кейін де қолыңнан келеді. Мен әрдайым күрестім, бірақ оңай болған жоқ әрине, тозақтан өткендеймін», — дейді футболшы.

Қазіргі уақытта Покривачқа денесіне салмақ түсіруге тыйым салынған.

«Жеті айға созылған емнен кейін футболға қайтып оралған едім. Алайда бұл жолы ондай болмайды. Футболшы мансабын аяқтадым деп айта аламын. Алты айдан кейін бапкерлік курсын бастауды жоспарлап отырмын. Болашақта не болатыны Аллаға ғана аян, бірақ мен футболда қалғым келеді», — дейді 32 жастағы футболшы.

Никола Покривач «Шахтер» сапында 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың маусымы аралығында ойнады. Қазақстан чемпионатында 22 матч өткізді.

Оқи отырыңыз:

Қанат Ислам бесінші рет әке атанды

Қазақстанның футболдан әйелдер құрамасы түркиялық клубты 15:0 есебімен жеңді

Роналду аты аңызға айналған Пеленің рекордын қайталады

Лемьені жеңген Сондерс Головкинді жекпе-жекке шақырды

Талқылау