Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахизаданың жолдасы өзінен 10 жас кіші “тоқал” алды

Шахизада 10 жыл отасқан жолдасымен ажырасып, жаңа пәтеріне жалғыз өзі көшіп барды. Ерлі-зайыптының ажырасуына әншінің бала көтере алмауы себеп болған екен. Десе де, ол өзінен он жас кіші қызға үйленген жолдасына тек қана бақыт тілейтінін айтады.

13298213_254687108223526_728779404_n

Фото: instagram.com/shakhizada_art/

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Шахизада жуырда Алматының элиталы ауданында орналасқан жаңа пәтеріне көшіп барды. Әнші жөндеу жұмыстарына тікелей өзі атсалысқан. Күйзеліп жүрсе керек, пәтерін жанға жайлылық сыйлайтындай әрлеуге тырысқан. Мұнымен қатар, қымбат пәтерінде жалғыз өзі тұруға мәжбүр. Себебі, ол 10 жыл отасқан күйеуімен ажырасты.

“Үйдегінің барлығын өз талғамыма сай таңдадым. Интернетте 5-6 ай бойы өмір сүрдім десем де болады. Өзім, достарым үйге келген кезде жанға тыныштық сыйласын деген ойда болдым.

Асан Құрманбеков екеуіміздің сәбиіміз болмағандықтан, ол өзінен 10 жас кіші қызбен отасты. Маған “Домалақ ана барлығына көмектеседі. Сен де сол кісінің әрекетін қайталап, маған басқа қызға үйленуге рұқсат бер” деді. Ойлана келе біреудің бағын байламауды жөн көрдім. Ұрпағын көбейтіп, кішкентайлы болғысы келген шығар. Екеуімізге бөпе бермеген соң ер азамат қой деп батамды бердім. Өтірік айтпағанымды аспанда құдай көріп тұр ғой.

image

Осылайша менен қарағанда жастау қызға үйленді. (Күлді.) Бірақ адам баласының көңілі ешуақытта қартаймайды. Үйленіп, үбірлі-шүбірлі болсын. Басқа біреуден кішкентайлы болғысы келген адамды мен қалай байлап ұстаймын?! Шындығында бір-бірімізге түсіністікпен қарадық. Әрине, жүрегім ауырды. Жақсы да, жаман да болса да, 10 жыл бірге тұрдық. Бақытты бол, айналайын”, – дейді әнші.

Дәл қазір Шахизада бірнеше бөлмелі пәтерінде жалғыз өзі тұрып жатыр. Үйін қымбат материалдармен әрлеп қана қоймай, арнайы жаттығатын құрылғылар да алған. Мұнымен қатар, массаж жасайтын арнайы төсегі де бар. Ол үйіне достарының жиі келетіндігін айтады.

Әншінің бір ұлы бар. Жуырда өзі әже атанған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Шахизада “жыртық” шалбар киемін деп жұрттың сынына қалды

Шаһизада өз өмірі туралы фильм түсірмек

Талқылау