Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахан елдімекеніндегі тұрғын үйдің басшысы 4 жылға сотталды

Жылыту қазандығы жарылып, тоғыз адамы үйіндінің астында қалған Шахан елдімекеніндегі тұрғын үйдің басшысы 4 жылға сотталды.

1483355640he1ec_1000x768

Мұрат Сүлейменов қауіпсіздік ережелері сақталмаған жұмыстарды атқарып, абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырды деп айыпталған еді, деп хабарлайы 31 арна.

Бірақ жылыту қазандығы жарылған көпқабатты тұрғын үйдің басшысы жазасын шартты түрде өтейтін болады. Екі бірдей бап бойынша кінәлі деп табылған Мұрат Сүлейменов соңына дейін кінәсін мойындамаған болатын. Азамат орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған көпқабатты тұрғын үйде жылыту қызындықтарын орнатуға жергілікті атқарушы орган өкілдері мәжбүрлегенін айтады. Ал жойқын жарылыс болған тұрғын үйдің төрағасынан өзге, жауапқа жергілікті әкім бастаған тағы төрт шенеунік тартылды.

“Сот шешімімен Мұрат Сүлейменов кінәлі деп танылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63 бабына сәйкес, азаматқа 4 жыл шартты түрде жаза кесілді. Сондай-ақ айыпталушыға пробациялық бақылау тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ”, – дейді Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы Гұлбаршын Жітікова.

Тағы да оқыңыз:

Шахан трагедиясы: Қаза тапқандардың отбасы тағы да миллион теңгеден алды

Еуразиялық одаққа мүше елдер бір біріне қару алып жүруге рұқсат бермек

Алматылық отбасы 8 бала өсіріп, тағы бес баланы жетімдер үйінен асырып алған

Талқылау