"Шәкентиді өзі таңдады": Жан Мұқанов актер Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісін кінәлады
Фото: Stan.kz
Танымал продюсер Жан Мұқанов сүйіктісіне қол көтеріп, сынға қалған Шәріп Серікке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Медиа маманы "Цукербергтің көршілерінде" подкасында қонақ болды.
“Шәкенти – мен оның досы емеспін. Бірақ үнемі ашық-жарқын жүретін ақкөңіл жігіт. Бәріміз көргендей оның қызды жұлқылағанын қолдамаймын. Бірақ бұл жағдайда тек Шәкенти ғана кінәлі емес. Қыз да кінәлі. Дұрыс жігітті таңдауды үйреніңіздер! Шәкентидің жобаларына тосқауыл жасап, оның шығармашылығы мен өнерінен бас тарту дұрыс емес”, – деді продюсер.
Айта кетейік, Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева актердан зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген еді.
“Тіпті ең қорқынышты түсімде ешқашан “сүйікті адамым маған қол көтерді” деп айтатын қыз боламын деп ойламадым. Бірақ солай болды. Мен кесіп өтуге болмайтын шекара болуы керек деп есептеймін. Сондықтан бұл фотолар мен видеоларды жарияламасам, өзімді сатып жібергендей боламын”, – деп жазып, фотоларын жариялаған еді.

"Бөксемнен ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
