Шахтинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер Шахтинск қаласындағы тұрғын үйде газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта ауруханада 8 адам жатыр.
"Алты адам жансақтау бөлімінде, екеуі бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Барлық науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде", – деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін хабарланғандай, зардап шеккендердің арасында бірнеше полиция қызметкері мен күдікті де бар. Күдікті күзетпен ем қабылдап жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Шахтинскіде көпқабатты үйде газ баллоны жарылып, бес полицей мен тұрғындар зардап шеккен еді. Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бөтеннің мүлкін қасақана жоюға әкеп соққан өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"