Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахтерлерді қорқытып, ақша бопсалаған: Ақтөбе облысында екі қылмыстық топ ұсталды

Фото: Видеодан скриншот

Ақтөбе облысында шахтерлерді қорқытып, ақша бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ІІМ мәліметінше, наурыз айында Хромтау қаласы мен Ақтөбе қаласында әрекет еткен топтардың жолы кесілген. Хромтауда жергілікті қылмыстық орта өкілдері шахтерлерден қорқыту және күш қолдану арқылы ақша бопсалаған. Алайда жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгінбеген.

Полиция күдіктілерді толық анықтап, дәлелдер жинағаннан кейін арнайы операция жүргізіп, барлық қатысушыны бір мезгілде ұстаған. 20 санкцияланған тінту барысында ақша мен өзге де айғақ заттар тәркіленді.

Ал Ақтөбе қаласында көңіл көтеру орындарын нысанаға алған тағы бір бопсалаушылар тобы анықталған. Тергеу мәліметінше, олар күш көрсетіп, күзет қызметкерлеріне қысым жасау арқылы өздерінің заңсыз “қорғауын” мәжбүрлеп таңған.

Қазір қылмыстық топтардың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл фактілер бойынша бопсалау дерегімен қылмыстық істер тергеліп жатыр. Сонымен қатар заңсыз ұстау және бас бостандығынан айыру фактілері бойынша да қосымша тексеру жүргізіліп жатыр.

ІІМ мұндай қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою және азаматтардың құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар келер уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.


Таразда "Қырықбаевтар" тобының мүшесі, кәсіпкер Алмас Қырықбаев ұсталды

Интернет дүкен арқылы есірткі сатқан төрт қазақстандықтан 2 миллиард теңге мен люкс көліктер тәркіленді


Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда айналым 3,5 миллиард теңгеден асқан қылмыстық кірістерді заңдастырумен айналысқан топ әшкереленгені хабарланған еді. 

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 03 Сәуір, 2026 11:38