Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шахта қызметкерлерін бопсалап келген": Қарағанды облысында құрамында аралас жекпе-жек жаттықтырушысы бар қылмыстық топ ұсталды

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Түрлі қылмыс пен әдімжеттік жасап келген топ құрамында аралас жекпе-жек жаттықтырушысы да болған. Олар жергілікті тұрғындар мен шахта қызметкерлерін бопсалап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

ІІМ мәліметінше, Қарағанды облысында биыл ауыр қылмыс жасауға қатысы бар алты қылмыстық топ ұсталды. Бопсалаудың 40-тан астам фактісі анықталған.

Полиция 15 қазанда Шахтинск қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар тобының ұсталғанын жеткізді. Оның құрамына аралас жекпе-жек жаттықтырушысы да кірген. Олар жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ “Qarmet” АҚ қызметкерлерін бопсалаған.

Бұған дейін Теміртау, Саран, Абай қалаларында ауыр қылмыстарға, сонымен қатар “Qarmet” АҚ объектілерінен тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға және кәсіпорын қызметкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа да қылмыстық топтардың қатысушылары ұсталған еді.



“Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 100-ден астам күдікті жеткізілді. Олардың 39-ы қамауға алынды. 150-ге жуық тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ауыр қылмыстардың 16 эпизоды бойынша үш қылмыстық іс сотқа жіберілді. Криминалдық топтардың жолын кесу нәтижесінде өңірде 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оқ-дәрілер тәркіленді. Өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

Талқылау