Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серікбол Сайлаубек: Балаларын тастайтын әншілерге ренжімеймін, тек аяймын

Серікбол Сайлаубек екінші рет отбасын құрып жатқан әріптестеріне қатысты пікір білдірді. Мұнымен қатар, ешуақытта тоқал алу туралы ойланбағанын жеткізді.

uI0iNlS7xuM

Сурет: BNews.kz

Бұл туралы Бірінші арнаның “Қалаулым” бағдарламасында айтылды.

– Жұлдыздардың екінші рет отбасын құруына не себеп деп ойлайсыз?

– Әр адамға әртүрлі сынақ келеді өмірде. Қазақта “Әкесі бар бала мақтаншақ, әкесі жоқ бала жасқаншақ” деген жақсы сөз бар. Сол себепті, ұрпақ алып келгеннен кейін оған қамқор болуы керек. Ал ажырасу – адамның санасыздығы деп ойлаймын. Білімі нашар деп қабылдаймын. Басында, шаңырақ көтеріп, үйленіп, өмірге сәби алып келген кезде, олар нені ойлады?! Баласын тастап кететін жандарға ренжімеймін, тек аяймын. Сол себепті, мұндайға жол бермеген абзал.

– Сұхбаттарыңыздың бірінде “Мен төрт әйел алуды армандаймын” деп айтқаныңыз рас па?

– Бұл – өтірік, жалған ақпарат. “Тоқал алғым келіп тұрады” деген бір ән барады. Сол есіме түсіп отыр. Менікі тек әзіл. Шынайы өмірде тоқал алғым келмейді.

– Сырт келбетіңіз үндістандық рэкеттерге келеді. Бұл стиліңіз бе, табиғатыңыз ба?

– Мұндай іске араласым жоқ. Тек табиғатым сондай деп айта аламын. Оның үстіне өзім үйдің еркесімін. Бұл өмірге қайта-қайта келе беретін уақытымыз жоқ. Бір келген соң, сыйласып өмір сүргенге не жетсін?!

– Қытайларға өз ұрығыңызды сатпақ болғаныңыз рас па?

– Қытайлықтар маған ұсыныс айтып, ұрығымды сұрады. Мен “Мына жерге ұрығымды таратуға емес, ән айтуға келдім” дедім. Осы ұсынысты айту үшін 4-5 күн артымыздан жүрген болатын. Басым концертпен қатып жүріп, бұл сөздерге аса мән бермеген болатынмын.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева арман қуған қыздарға аналарын тыңдамауға кеңес берді

Желіде Қайраттың жары Жұлдыздың эксклюзивті суреттері пайда болды (фото, видео)

Болманов: Джеки Чанмен баяғыдан танитын адамдай бірден әңгімелесіп кеттік

Айнұр Тұрсынбаева: Айдарбековтердің тойының қарапайым өтуге хақысы жоқ

Талқылау