Вице-премьер Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрлігін басқарады
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің кандидатурасына келісім берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Мәжіліс
“Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғариннің кандидатурасы келісілді”, – делінген мәжіліс хабарламасында.
Серік Жұманғарин 2023 жылдың қыркүйегінде сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылып, премьер-министрдің орынбасары қызметіне келген еді.
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты қызметінен босатты.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"