Серік Теміржанов бокстан әлем чемпионатында 18 жастағы америкалық спортшыдан ұтылып қалды
Сербияның астанасы Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Серік Теміржанов америкалық боксшыдан ұтылып, күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы алтын үшін таласта 18 жастағы америкалық спортшы Джамал Харвимен күш сынасты.
Қазақстандық жанкүйерлердің өкінішіне қарай, Серік Теміржановтың жеңілісін төрешілер бірауыз дауыспен қабылдады.
Айта кетейік, дәл осы кездесуде Сәкен Бибосынов америкалық боксшы Роско Хилланы айқын басымдықпен жеңіп, алтыннан алқа таққан болатын.
Естеріңізге салайық, 5 қараша күні болған финалдық ойындарда 48 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов тайландтық 27 жастағы Вуттичай Юрачайды 5:0 есебімен ұтып алтын алса, 54 келі дәрежеге дейінгі салмақта өнер көрсететін Махмұт Сабырхан жапониялық Томою Цубойға есе жіберіп, күміс медаль иеленген.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды