Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Шәпкенов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді

размещение

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда Атырау қаласындағы №8 учаскеде дауыс берді.

Аймақ басшысы референдумның ел болашағы үшін маңызын және оның әр адамға өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Атырау облысында референдум өткізуге 276 учаске ұйымдастырылған.

размещение

Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыста референдумға қатысатын сайлаушылар тізіміне 18 жасқа толған және дауыс беру құқығы бар 416 619 азамат енгізілген.

STAN.KZ
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 13:14